Қазақстандық гандболшылар Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық гандболшылар Азия чемпионы атанды

Қазақстандық гандболшылар Азия чемпионы атанды

Өткен сенбіде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында гандболдан әйелдер арасында XIII Азия чемпионатының ақтық ойыны өтті. Аса тартысты өткен бұл сында қазақстандықтар Оңтүстік Кореядан келген құрбыларынан 33:32 есебімен басым түсті. Ал жапондықтарды 26:25 есебімен жеңген қытайлық қол добы шеберлері қола жүлдегер атанды.

  • 27 Желтоқсан 2010
  • 436
Фото - Caravan.kz

Алматыда осымен екінші рет өтіп отырған бұл дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 2002 жылы қол жеткізген нәтижесін тағы да қайталады. Бұл жолы 19 желтоқсанда жалауы көтерілген аталмыш бәсекеге 8 команда қатысты. 2011 жылғы Әлем чемпионатының лицензиялық жарысы болғандықтан өз тобында 1-2 орын алған Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары 2011 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының жолдамасына ие болды. Жалпы бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы алғашқы ойында биыл Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы атанған Қытай спортшыларымен кездесіп 25:22 есебімен ұтқан болатын. Олар одан кейін «А» тобындағы Иран және КХДР құрамаларын ұтып, жартылай финалда «В» тобында 2-орын алған Жапония спортшыларынан 29:24 есебімен басым түсті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера