Қазақстандық газет-журналдардың Интернет нұсқаға көшуі 2016 жылы аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық газет-журналдардың Интернет нұсқаға көшуі 2016 жылы аяқталады

Қазақстандық газет-журналдардың Интернет нұсқаға көшуі 2016 жылы аяқталады

2016 жылдың соңына дейін қазақстандық баспа түріндегі БАҚ-тың Интернет нұсқаға көшуі аяқталады.

  • 15 Мамыр 2015
  • 420
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы сөз бостандығын заңнамалық реттеу бойынша өткен конференцияда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Талғат Қанағатов айтты. 

«Бүгінгі заманның талабын ескере отырып, мемлекет отандық дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын ғаламтор кеңістігіне шығару жұмыстарын қолға алған. Мәселен, 2014 жылы «Қазтелерадио» базасында арнайы жоба іске қосылып, жоба аясында ғаламдық жүйе бойынша 20-ға тарта отандық арналар таратыла бастады. Сонымен қатар, мемлекет отандық баспасөздің де өз интернет ресурстарын ашуына қаржылай да, техникалық та көмек көрсетуде. Осы жылдың аяғына дейін 400-ге жуық газеттің интернет нұсқасы жасалады. Ал 2016 жылдың соңында барлық баспа БАҚ түрлері интернет желісіне шығарылады», — деді ол.

Перейти к новостям спорта