Қазақстандық ғарышкерлер ғарышты игеруге сіңірген еңбектері үшін РФ-ның медальдарымен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық ғарышкерлер ғарышты игеруге сіңірген еңбектері үшін РФ-ның медальдарымен марапатталды

Қазақстандық ғарышкерлер ғарышты игеруге сіңірген еңбектері үшін РФ-ның медальдарымен марапатталды

Бірінші қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров және Қазақстан ғарыш агенттігінің жетекшісі Талғат Мұсабаев РФ-ның "Ғарышты игерудегі еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

  • 4 Шiлде 2011
  • 837
Фото - Caravan.kz

Ғарышкерлерді марапаттау рәсімі Астанада РФ-ның елшілігінде өтті, делінген Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінің сайтында берілген хабарламада.

Медальмен марапаттау туралы шешім РФ президенті Дмитрий Медведевтің биылғы жылғы 12-сәуірдегі жарлығымен қабылданған болатын.
Осы кезге дейін ғарышқа екі ғарышкер қазақ ұшқан, Т.Әубәкіров ( 1991 жылы қазанда «Союз ТМ-13» кемесінің ғарышкер-зерттеушісі ретінде ) және Т.Мұсабаев (үш рет -1994 жылы «МИР» станциясына борт-инженер ретінде, 1998, 2001 жылдары -«МИР кемесінің командирі ретінде және ХКС-на).

Соңғы жаңалықтар