Қазақстандық ғарышкерлер Халықаралық ғарыш станциясының жұмысына атсалысу мүмкіндігі 2009-жылдан кейін қаралатынын атап өткен А.Перминов олардың әзірге атсалыса алмау себебін түсіндірді. «2009-жылға дейінгі барлық экипаждар белгіленніп қойған. 2010-жылдан бастап станциядағы экипаж алты адамға дейін арттырылады»,- деді ол.
А.Перминов сонымен қатар Қазақстанның ГЛОНАСС жүйесіне қатысуы туралы келісімнің жобасына ағымдағы жылдың аяғына дейін қол қою жоспарланып отырғанын жеткізді.
«Бәйтерек» кешені бойынша М.Хруничев атындағы орталыққа құрылыс жұмыстарының бас жоспар-кестесін жасауға, ал оны 2008-жылдың екінші тоқсанынан бастап жүзеге асыруға тапсырма берілді»,- деді А.Перминов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті