Ғарышкерлерді марапаттау рәсімі Астанада РФ-ның елшілігінде өтті, делінген Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінің сайтында берілген хабарламада.
Медальмен марапаттау туралы шешім РФ президенті Дмитрий Медведевтің биылғы жылғы 12-сәуірдегі жарлығымен қабылданған болатын.
Осы кезге дейін ғарышқа екі ғарышкер қазақ ұшқан, Т.Әубәкіров ( 1991 жылы қазанда «Союз ТМ-13» кемесінің ғарышкер-зерттеушісі ретінде ) және Т.Мұсабаев (үш рет -1994 жылы «МИР» станциясына борт-инженер ретінде, 1998, 2001 жылдары -«МИР кемесінің командирі ретінде және ХКС-на).