Сауалдамаға Ресейден, Украинадан, Беларустен, Қазақстаннан, Молдовадан, Армениядан, Әзірбайжаннан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан 17200 адам қатысты.
Бірінші орынға көркем гимнастикадан топтық көпсайысқа қатысқан ресейлік Каролина Севастьянова шықты.
Ресей құрамасының өкілі Ксения Вдовина екінші орын алды. Ол «Лондан-2012» Олимпиадалық алауы эстафетасына қатысты.
Үшінші орын осы Олимпиадада күміс медальды жеңіп алған ресейлік теннисші Мария Шараповаға берілді.
Төртінші орында Ресейдің атақты таяқпен биіктікке секірушісі Елена Исинбаева, ол Олимпиада «қоласын» жеңіп алған болатын.
Бесінші орында Қазақстан өкілі — гимнасшы Анна Алябьева.
Алтыншы орында өзбекстандық спортшы Ульяна Трофимова. Жарыстар басталар алдында жаттығу кезінде ол аяғын сындырып алды, соған қарамастан ол жарыстарға қатысуға шешім қабылдады.
Жетінші орында беларус жүзгіші Александра Герасименя, ол екі «күміске» ие болды.
Сегізінші орында украиналық Юлия Елистратова, ол триатлонмен айналысады, Олмпиадада медальға қол жеткізе алмады.
Ресейлік Алия Мұстафина — көпсайыстан гимнасшы ең сұлу қыздардың арасында рейтингіде тоғызыншы орынға ие болды. Сонымен қатар ол Олимпиада ойындарында 4 медальға: 1 «алтын», 1 «күміс» және 2 «қолаға» қол жеткізді.
Тізімнің соңғы оныншы орнын украиндық жеңіл атлет Виктория Рыбалко тұйықтап тұр, ол медаль ала алмады.
Сауалдама 27 шілде мен 12 тамыз аралығында жүргізілді.
NewsEffector мониторинг агенттігі әлеуметтік маңызды тақырыптарға әлеуметтік, маркетингтік, рейтингтік зерттеулер жүргізеді.
«Интеграция» қоры — мемлекеттік емес зерттеу ұйымы, ол бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдердің арасында ықпалдастық үдеріске жәрдемдесу міндеттерімен айналысады.