Бұдан басқа, Серік Ахметов өзінің «Сколково» ғылым қалашығында болғаны және бірлескен ынтымақтастықтың перспективалары туралы әңгімеледі. «Қазақстандық компаниялар ықпалдастық өзара іс-қимылы ауқымында «Сколковоның» резиденттері бола алады, ал ресейліктер Қазақстандағы жобаларға қатыса алады», — деді Премьер-Министр.
Еске сала кетейік, 12 қарашада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Ресей Федерациясында болды.