Қазақстандық инвестор Сатылғанов британдық Roxi Petroleum компаниясына 40 млн $ салуға әзір - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық инвестор Сатылғанов британдық Roxi Petroleum компаниясына 40 млн $ салуға әзір

Қазақстандық инвестор Сатылғанов британдық Roxi Petroleum компаниясына 40 млн $ салуға әзір

Орталық Азияда өз қызметін жүзеге асырушы Roxi Petroleum PLC мұнай компаниясы жаңа акциялар шығару есебінен 40 млн $ тартуды жоспарлауда, деп компания мәлімдеді.

  • 9 Қаңтар 2013
  • 861
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық инвестор Қайрат Сатылғанов Roxi Petroleum мұнай компаниясының 355 млн 165 мың 716 жаңа акциясына әрқайсысы үшін 7 пенске жуық бағамен қол қоюға келісті.

Алғашқы 10 млн $ 2013 жылғы 31 қаңтарға дейін төленеді, оның орнына Қ.Сатылғанов Roxi Petroleum мұнай компаниясының 88 млн 791 мың 429 жаңа акциясына ие болады. Қалған 30 млн $-ды компания будут получены компанией в обмен на 266 млн 374 мың 287 жаңа акция орнына алады. Бұл қаржы 2013 жылы BNG лицензиялық аумағында үш терең ұңғыманы және екі таяз ұңғыманы бұрғылауды қаржыландыруға жұмсалады. Қ.Сатылғанов осы мәміле шеңберінде сатып алатын акция мөлшері егер компания қосымша эмиссияны жүзеге асырмаған жағдайда Roxi Petroleum қарапайым акцияларының жалпы саныны шамамен 37,5%-ын құрайды. Қол қойылған келісім шеңберінде қазақстандық инвестор Roxi Petroleum директорлар кеңесінің құрамына кіреді.
Қ.Сатылғанов бұдан бұрын Халық банкі және АТФ банктің басқарма төрағасы болды, былтыр желтоқсан айында ол өз еркімен Халық банкі директорлар кеңесінің құрамынан шықты.
Roxi Petroleum компаниясы Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда мұнайгаз кеніштерін игеру мақсатында 2006 жылы қазан айында құрылған. Қазіргі кезде компания Каспий жағалауында Маңғышлақ пен Торғай бассейнінде орналасқан бірнеше жобаға қатысады.