Қазақстандық Ирина Некрасова Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық Ирина Некрасова Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды (толықтырылған нұсқасы)

Қазақстандық Ирина Некрасова Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды (толықтырылған нұсқасы)

Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ауыр атлетикашысы Ирина Некрасова Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Тамыз 2008
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Ол 63 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсеткен. Ол алтын медаль алған Солтүстік Кореялық бақталасынан тек 1 кг ғана қалып қойған. Жұлқи көтеруде қазақстандық спортшы бірінші болған. Ал кезек итере көтеруге келгенде жол беріп қойды. Нәтижесінде ол екінші орын иеленді», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

«Жұлқи көтеру жаттығуында біздің спортшымыз 110 кг-ды бағындырды. Бұл аталмыш бағдарлама түріндегі үздік нәтиже», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Ал итере көтеру жаттығуында спортшымыз алғашқы талпыныста 130 кг көтерді. 135 кг салмақты көтеру әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Ал Солтүстік Кореялық спортшы осы салмақты көтере отырып, алтын медальдің иегері атанды», — деп толықтырды Туризм және спорт министрлігі.

И. Некрасова 1988 жылы дүниеге келген. 2007 жылғы әлем чемпионатында сегізінші орынды қанағат тұтқан. Өткен жылы қытайда өткен Азия чемпионатында 63 кг салмақта төртінші орынға ие болған.

Бұл медаль Қазақстан спортшыларының Пекин Олимпиадасында алған алғашқы жүлдесі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті