Қазақстандық каратэшілер ТМД кубогын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық каратэшілер ТМД кубогын жеңіп алды

Қазақстандық каратэшілер ТМД кубогын жеңіп алды

Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өткен Киокушинкай-кан каратэдан V Халықаралық турнирде Қазақстанның құрамасы жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынға ие болып, турнирдің бас жүлдесі - ТМД кубогын жеңіп алды.

  • 27 Ақпан 2012
  • 368
Фото - Caravan.kz


Жалпы, бұл дүбірлі додаға Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты. Олар 29 команданың атынан шықты. Каратэшілер 10-18 жастағы балалар, жасөспірімдер және ересектер санаттарында 30-80 келі салмақ дәрежелері бойынша өнер көрсетті. Турнирдің қорытындысына сәйкес, қазақстандық каратэшілер жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынға ие болып, ТМД Кубогын жеңіп алды. Екінші орында — Ресей. Қырғызстан үшінші орынды қанағат тұтты.