Қазақстандық кәсіпкерлер алдағы президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық кәсіпкерлер алдағы президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын болады

Қазақстандық кәсіпкерлер алдағы президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын болады

Қазақстандық кәсіпкерлер алдағы президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын болады. Бұл туралы бүгін, 5-қыркүйекте мемлекет басшысы мен Алматыдағы бетке ұстар кәсіпкерлердің кездесуінде "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" қауымдастығы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Қыркүйек 2005
  • 345
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандық кәсіпкерлер алдағы президент сайлауында сіз үшін дауыс береді дегенге сенімім кәміл»,- деді ол президентке. Н.Назарбаевтың тұрақты қолдау-көмегінің арқасында ғана кәсіпкерлер тап ретінде қалыптасты, деді ол.
Өз кезегінде кәсіпкерлерге қолдағаны үшін ризашылық білдірген Елбасы мемлекеттің тұрақты және қайтарымсыз дамуы үшін кәсіпкерлер отандық электораттың кем дегенде тең жартысын құрауы тиіс деп атап көрсетті.
«Маған деген ықылыстарыңыз бен қолдауларыңыз үшін ризашылық білдіремін. Бұдан басқаны мен күтпеген едім»,- деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта