Қазақстандық кәсіпкерлер еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтпей тұрып өз өндірістерін қайтадан жарақтауға тиіс - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық кәсіпкерлер еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтпей тұрып өз өндірістерін қайтадан жарақтауға тиіс - Елбасы

Қазақстандық кәсіпкерлер еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтпей тұрып өз өндірістерін қайтадан жарақтауға тиіс - Елбасы

Қазақстандық кәсіпкерлер еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтпей тұрып өз өндірістерін қайтадан жарақтауға тиіс. Бұл туралы бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

  • 31 Қазан 2003
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтетін қарсаңда тұр. Сондықтан барлық саладағы кәсіпорындарды, соның ішінде шағын және орта бизнес саласының кәсіпорындарын да жаппай қайтадан жабдықтау жұмыстары қазірден бастап қолға алынуы тиіс»,- деді президент. Елбасы осы орайда «Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткеннен кейін қазақстандық тауарлар республика аумағына жан-жақтан ағылатын шетелдік жоғары сапалы тауарлармен бәсекелесуге тура келеді» дегенді тағы бір ескертіп өтті. Бұл — Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтудің бір нұқсанды тұстарының бірі екені даусыз, дейтұрғанмен аталмыш ұйымға мүшелікке өту нәтижесінде қазақстандық өнім өндірушілер үшін жаңаша рыноктардың есігі ашылады деді Елбасы. Сол себепті, Н.Назарбаевтың пайымдауынша, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткенге дейін қалған аз мерзімді мейлінше тиімді пайдаланып, отандық өнім өндірушілердің өнімін бәсекелестік қабілетке ие болдыруға барынша талпыну қажет.

Бұның бір алғы шарты ретінде Елбасы Қазақстанда жұмыс істейтін өндірістерді техникалық тұрғыда қайтадан жарақтау деп санайды. Н.Назарбаев осыған орай кәсіпкерлерге «өз өндірістері үшін жаңа жабдықтарды сатып алуды дәл бүгіннен бастамаса да, ертеңнен қалдырмауды » тапсырды.

Соңғы жаңалықтар