Қазақстандық кәсіпкерлер тексеріс жайында алдын ала біле алады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық кәсіпкерлер тексеріс жайында алдын ала біле алады

Қазақстандық кәсіпкерлер тексеріс жайында алдын ала біле алады

Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізім жүйесі (ТСОБЕ) кәсіпкерлерге тексеріс нәтижесін қайта қарауғ

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 570
Фото - Caravan.kz

сондай-ақ, компания немесе кәсіпорыннның тексеруге іріктеудің бастапқы үдерісін бақылауға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды today.kz. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитетіінің төрағасы Сауле Айтпаева хабардар етті.

"Санитарлы-эпидемиологиялық, өндірістік қауіпсіздік, ядролық заттар, қару алмасуы мен сол сияқты салаларда тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі енгізілуде. Балдық жүйемен есептелетін тексеріс қауіптілігін бағалау критерилері дайындалып, енгізілуде. Заңнамалық нормалардың қамтамассыз етілуі бойынша 0-ден 60-қа дейінгі бал алғандар, қауіпті өлшеудің жоғары деңгейіне кірмейді. Бұдан басқа, тексеріс парақтары енгізіледі. Осының негізінде әрбір кәсіпкер "Тексеріс картасынан" нәтижелелерді көріп отырады. Кәсіпкер оларды бағамдап, өзіне тексеріс қашан келетіндігін болжай алады", — деді Сауле Айтпаева.

Одан басқа, ол тізім мазмұнында тексерілетін барлық субьектілер, олардың қауіп деңгейі, мұның алдындағы тексерістер тарихы мен олардың нәтижелері туралы мәліметтер болады. Ал бал беру ҚР ұлттық экономика министрлігі бекіткен әдістемеге сәйкес жүргізіледі.


Осылайша, оның айтуы бойынша, жоба заңдылықты бұзуды төмендетуге мүмкіндік береді, өйткені мәліметтерді қалыптастыру деңгейінде-ақ заңсыз және негізделмеген тексерістер өткізу мүмкіндіктерінің алды алынады. Бұл үдерістердің прокуратура мен мемлекеттік органдар үшін де, кәсіпкерлердің өздері үшін де айқын болуын қамтамассыз етеді; кәсіпкерлерде өткізілген тексеріс нәтижесін қайта қарастыру ғана емес, тексеруге таңдаудың бастапқы үдерісін бақылай алу мүмкіндігі болады.

Айта кету керек, ҚР Бас прокуратурасының ақпараты бойынша, 2015 жылдың өткен мерзімі бойынша Қазақстанда 715 тексерісті тіркеу қабылданбады, кінәлі тұлғаларды жазаға тарта отырып, 450 заңсыз тексерісті тағайындау амалдары тоқтатылды. Жоспарлы тексеріс жүргізуден алшақтау, 2010 жылы елде айына 45 мың тексеріс тіркелсе, бүгінде ол тоғыз мыңнан аспайтындай етуге септігін тигізді.

Соңғы жаңалықтар