Қазақстандық кәсіпорындарды жетілдіру бағдарламасына 2011-ші жылы 250 компания қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық кәсіпорындарды жетілдіру бағдарламасына 2011-ші жылы 250 компания қатысады

Қазақстандық кәсіпорындарды жетілдіру бағдарламасына 2011-ші жылы 250 компания қатысады

Қазақстанда кәсіпорындарды модернизациялау бағдарламасында 2011-ші жылы 250-дей компания қатысады деп күтілуде, деп «Қазақсатан даму және индустрия институты» АҚ (ҚИДИ) президенті Мейрам Қажыкен мәлім етті.

  • 30 Мамыр 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Біздің болжамдарымызша, 2011-ші жылы кәсіпорындарды модернизациялау бағдарламасына қатысу туралы кәсіпкерлерден 250-дей жоспар келіп түседі деп күтілуде», деді ол дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде кәсіпорындарды жетілдіруге деген 98 кешенді бағдарлама келіп түскен.

«Жоспарлар $10 млн және одан да жоғары сомаларға келіп жатыр. Бағдарлама мәнісі – қолдаудың ауқымдығында, мейлінше көп кәсіпорындарды қамту керек… Біз шешпекші ең басты міндет — негізгі қорларды жаңарту және маркетинтік-сату бөлімдерін модернизациялау», — деді ол.

ҚИДИ басшысының айтуынша, кешенді жоспар талабын ведомствоаралық комиссия мақұлдап және «ол институт сайтында жарияланды».

Еске салсақ, 2011-ші жылы Қазақстанда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды модернизациялаудың «Өнімділік – 2020» («Производительность-2020») бағдарламасы бастау алды. 2011-ші жылы бағдарламаны іске асыруға мемлекет Т19,9 млрд қаражат бөліп қойды.

Соңғы жаңалықтар