Қазақстандық хирургтер тұңғыш рет жүрек ауыстыру операциясын жасайды
Қазақстандық кардио хирургтер тұңғыш рет жүрек ауыстыру операциясын жасайды. |
«Бүгін біз жүрек ауыстыру операциясын жасаймыз. Мұндай операция Қазақстанда тұңғыш рет жасалғалы отыр», - деп «Литер» басылымының сейсенбідегі санына жарияланған сұхбатында «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ бас директоры Абай Байгенжин мәлім етті.
Ол алдағы операцияның егжей-тегжейін баяндамаған.
А.Байгенжиннің айтуынша, Қазақстан ТМД мен Орталық Азия елдері арасында жүрек-қан тамыры сырқаттарының саны жағынан алыңғы орындар тұр.
«Атап айтсақ, еліміз бойынша 100 мың адамға шаққанда 800 адам жүрек сырқаттрына шалдыққан. Ал, Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 3-4 есе кем», - деп атап өтті ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін