Ойынның бірінші кезеңі аяқталды. Есеп 12:0. Қарсыластардың қақпасына бірінші шайбаны салған шабуылшы Максим Худяков, ал оң жақ шабуылшы Вадим Краснослободцев үш бірдей шайбаның авторы атанды. Капитан Талғат Жайлауовтың еншісінде — бір шайба.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайлық Тайпей командасы Қазақстанның негізгі қарсыластары — Жапониядан 18:0 есебімен, ал Корея құрамасынан 22:0 есебімен ойсырай жеңілген болатын.