Өзбекстан президенті 29 қыркүйек күні «Өзбекстан Республикасының алдағы уақыттағы сыртқы экономикалық қызметін реттеу туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда жасалған және біздің елден енгізілетін жаңа көліктердің акциздік салығы (медициналық мақсаттағы көліктерден басқа) 1 қазаннан бастап 2 пайызға төмендетілетін болды.