Қазақстандық команда Багам аралдарындағы «Сэнди» дауылына тап болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық команда Багам аралдарындағы «Сэнди» дауылына тап болды

Қазақстандық команда Багам аралдарындағы «Сэнди» дауылына тап болды

Дмитрий Петрухиннің жер шарын айналуды мақсат тұтқан қазақстандық командасы Багам аралдарындағы «Сэнди» тропикалық дауылына тап болды.

  • 29 Қазан 2012
  • 374
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Д.Петрухиннің сайтынан хабарланды.

Алғашында саяхатшылар Гаитиға бармақшы болды, бірақ басталып кеткен дауыл олардың жоспарларын толық ауыстырды, енді қазақстандық еріксіз тұтқындар Нассау аралында қалып қойды, өйткені дауылдың салдарынан барлық әуе рейстері мен теңіз бағыттары тоқтатылды.

Қазақстандық экспедицияның басшысы Дмитрий Петрухин: «Қала қаңырап қалды. Оған дауыл жақындауда, екі-үш сағаттан кейін мұнда бірнеше сағат бұрын Сантьяго де Куба болған жағдай орын алады», деді.

Дауыл кешке таяу өзінің қиратушылық күшін жинай бастады. Жаңалықтардан тропикалық дауыл жақындап қалғанын естіген жергілікті тұрғындар оған алдын ала дайындалды — түстен кейін астананың көшелері толық қаңырап қалды. Ішетін ас пен суды іздеген біздің саяхатшыларымыз басталған дауылдың дәл ортасына түсті.

Баспаналарына аман-есен жеткен, үсті-бастары су және аш саяхатшылар алай-дүлей апаттан тығылып үлгерді. Ал дауыл болса түнде өзінің күшін жинап, Багам архипелагының барлық аралдарынан өтіп, жолындағылардың барлығын шайып, жойып жіберді. Кейінірек саяхатшылар жергілікті тұрғындардан бұл дауылдың салдарынан алдын ала мәліметтер бойынша жиырмадан астам адам қаза тапқанын білді.

Соңғы жаңалықтар