Қазақстандық композиторлардың ноталары сандық форматқа көшіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық композиторлардың ноталары сандық форматқа көшіріледі

Қазақстандық композиторлардың ноталары сандық форматқа көшіріледі

Қазақстанда отандық композиторлардың музыкалық туындыларының ноталары сандық форматқа көшіріліп, сақталатын болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «XXI ғасыр кітапханасы: жаңа көкжиектер» халықаралық конференциясы барысында Қазақстан Республикасының кітапхана қауымдастығының президенті Роза Бердіғалиева мәлім етті.

  • 15 Қазан 2014
  • 524
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан дарынды композиторларға бай мемлекет. Елімізде керемет музыкалық туындарлар қоры жинақталған. Оларды сақтау мақсатында біз қазір ноталарды сандық форматқа көшіріп жатырмыз. Осылайша, Қазақстанның ноталық электронды кітапханасын жасайтын боламыз», — деді ол.

Сондай-ақ Роза Бердіғалиева бұл салада қазақстандық мамандарға әзербайжандық және украиналық әріптестер көмектесетіндігін жеткізді.

Ал болашақта елімізде бүкіл ТМД елдеріне арналған ноталық кітапхана құрылады.


Перейти к новостям спорта