Қазақстандық көшеге шығып, Қырғызстанмен арадағы достықты нығайтуға үндеді (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық көшеге шығып, Қырғызстанмен арадағы достықты нығайтуға үндеді (видео)

Қазақстандық көшеге шығып, Қырғызстанмен арадағы достықты нығайтуға үндеді (видео)

Белсенді Қайырболат Сахметовтың қоғам қайраткері Сырым Әбдірахмановпен бірге өткізген «Халықтар достастығын қолдасаң, мені құшақта!» акциясының видеосы желіде тарап кетті.

  • 26 Қараша 2017
  • 149
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Қайырболат Сахметовтың айтуынша, мемлекет тұрғындары аталған акцияға қуана қатысыпты.

Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің қолданушылары акцияға қатысты оң пікір білдіріп, өзгелермен жарыса бөлісіп жатыр. «Қазақ-қырғыз бір туған», «Көзіме жас келді. Жарайсыңдар!», «Саясаткерлер араларындағы қақтығысты өздері шешеді. Бірақ халық оған ермеуі керек. Тамаша идея!» деген пікір қалдырды желі қолданушылары.

Белсендінің сөзінше, акцияның негізгі мақсаты – қазақ-қырғыздың бауырлас халық екенін көрсету. Сонымен қатар Қазақстан халқы саяси мәселелерге қарамастан, қырғыз ағайындарға бауырластық қарым-қатынаста екенін дәлелдегісі келген екен.


Соңғы жаңалықтар