Жарияланды: 330

Қазақстандық лаңкестердің ізі Африкадан да табылды

Қазақстандық лаңкестердің ізі Африкадан да табылды. Бүгін Уганда полициясы елдерінде үлкен лаңкестік әрекет жасалу қаупі бар екенін мәлімдеді. Осы мақсатта тіпті Қазақстаннан содырлар келмек деген ресми мәлімет таратқан.

Жергілікті ақпарат құралдарында лаңкестердің есімдері де аталыпты. Олар Марат Өмірзақов, Әлімжан Мәжібаев, Қайрат Насырұлы және Денис Кофтун деген азаматтар. Уганданың арнайы қызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек, аты аталғандар радикалдық топтың мүшелері екен. Айта кетейік, жергілікті заң бойынша, лаңкестік топтарға қатысы бар адамдар өлім жазасына кесіледі. Қазіргі таңда осы ақпараттың шынайылығын тексеруге еліміздің Сыртқы істер министрлігі шұғыл кірісіп кетті.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін