Caravan Logo

Қазақстандық лаңкестердің ізі Африкадан да табылды

Қазақстандық лаңкестердің ізі Африкадан да табылды


Жергілікті ақпарат құралдарында лаңкестердің есімдері де аталыпты. Олар Марат Өмірзақов, Әлімжан Мәжібаев, Қайрат Насырұлы және Денис Кофтун деген азаматтар. Уганданың арнайы қызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек, аты аталғандар радикалдық топтың мүшелері екен. Айта кетейік, жергілікті заң бойынша, лаңкестік топтарға қатысы бар адамдар өлім жазасына кесіледі. Қазіргі таңда осы ақпараттың шынайылығын тексеруге еліміздің Сыртқы істер министрлігі шұғыл кірісіп кетті.