"Қазақстандық мас күйде Азиада ойыншыларына тиіскен" - ҰОК өкілдері айыптауларға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстандық мас күйде Азиада ойыншыларына тиіскен" - ҰОК өкілдері айыптауларға жауап берді

"Қазақстандық мас күйде Азиада ойыншыларына тиіскен" - ҰОК өкілдері айыптауларға жауап берді

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері Джакартадағы Азиада ойындарында БАҚ өкілдерінің қазақстандық атлеттің спортшы қыздарға "тиісті" деген ақпаратына жауап берді".

  • 25 Тамыз 2018
  • 13
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Осыған дейін шетелдік басылымдардың бірінде қазақстандық атлеттің мас күйде жарыстағы спортшы қыздарға тиісіп, сүйіп алғысы келгенін туралы жазылған болатын. Бұл оқиғаның Азиада спортшыларына арналған асханада 22 тамызда болған делінеді. Өз кезегінде Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері бүгінгі таңда оларға Азиада ойынын ұйымдастырушыларынан ешбір шағым түспегенін мәлімдеп отыр. "Сондықтан біз қазақстандық ойыншыға қатысты нақты ешбір жауап бере алмаймыз. Сонымен қатар, бізге әлі ешкім пікір білдіруімізді сұрап хабарласқан жоқ. Біз әрдайым БАҚ өкілдерінің мұндай ақпараттарына шынайы жауап береміз", — дейді ҚР ҰОК өкілі Жігер Азбергенов. Еске сала кетейік, Азиада ойынында Қазақстанның қоржысында 32 медаль бар. Оның ішінде үшеуі алтын, жеті күміс және 22 қола жүлделері.
 

Соңғы жаңалықтар