Қазақстандық мерекелердің толық тізімі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық мерекелердің толық тізімі

Қазақстандық мерекелердің толық тізімі

Қарттар күні, Семей полигоны жабылған күн және Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні бекітілді. 

  • 10 Шiлде 2019
  • 86
Фото - Caravan.kz

Құжат бойынша, мейрам күндерінің тізбесі төменде көрсетілген тармақтармен толықтырылды. Құжатқа премьер-министр Асқар Маминнің қолы қойылған. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. 

Қазақстандағы мерекелік күндерінің толық тізімі мынадай:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні — 10 қаңтар;
  2. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шектеулі контингентін шығару күні — 15 ақпан. 
  3. Алғыс айту күні — 1 наурыз;
  4. Жерге орналастыру, геодезия және картография күні — наурыздың екінші сенбісі;
  5. Геолог күні — сәуірдің бірінші жексенбісі;
  6. Ғылым қызметкерлері күні — 12 сәуір;
  7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні — 21 сәуір;
  8.  Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні — 17 мамыр;
  9. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні — 21 мамыр;
  10. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні — 31 мамыр;
  11. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — мамырдың соңғы жексенбісі;
  12. Қазақстан Республикасы рәміздері күні — 4 маусым;
  13. Эколог күні — 5 маусым;
  14. Полиция күні — 23 маусым;
  15. Мемлекеттік қызметші күні — 23 маусым;
  16. Жеңіл өнеркәсіб қызметкерлері күні — маусымның екінші жексенбісі;
  17. Медицина қызметкері күні — маусымның үшінші жексенбісі;
  18. Журналистер күні — 28 маусым
  19. Дипломатиялық қызмет күні — 2 шілде;
  20. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні — 13 шілде;
  21. Балық шаруашылығы қызметкерлері күні — шілденің екінші жексенбісі;
  22. Металлург күні — шілденің үшінші жексенбісі;
  23. Сауда қызметкерлері күні — шілденің төртінші жексенбісі;

  24. Көлік қызметкерлері күні — тамыздың бірінші жексенбісі;
  25. Құрылысшы күні — тамыздың екінші жексенбісі;
  26. Шекарашы күні — 18 тамыз;
  27. Спорт күні — тамыздың үшінші жексенбісі;
  28. Шахтер күні — тамыздың соңғы жексенбісі;
  29. Семей ядролық сынақ полигондарының жабылған күні — 29 тамыз.
  30. Білім күні — 1 қыркүйек;
  31. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні — қыркүйектің бірінші жексенбісі;
  32. Отбасы күні — қыркүйектің екінші жексенбісі;
  33. Қазақстан халқы тілдерінің күні — қыркүйектің үшінші жексенбісі;
  34. Атом саласы қызметкерлерінің күні — 28 қыркүйек;
  35. Әділет органдары қызметкерлерінің күні — 30 қыркүйек;
  36. Машина құрастырушылар күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі;
  37. Еңбек күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі;
  38. Қарттар күні — 1 қазан.
  39. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні — 6 қазан;
  40. Ұстаздар күні — қазанның бірінші жексенбісі;
  41. Құтқарушы күні  — 19 қазан;
  42. Орман шаруашылығы қызметкері күні — қазанның үшінші жексенбісі;
  43. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні — қазанның соңғы жексенбісі;
  44. Күзет ұйымдары қызметкерлері күні — 29 қазан;
  45. Сыртқы барлау күні — 5 қараша;
  46. Статистика күні  — 8 қараша;
  47. Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі — 15 қараша;
  48. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні — қарашаның үшінші жексенбісі;
  49. Прокуратура күні — 6 желтоқсан;
  50. Энергетик күні  — желтоқсанның үшінші жексенбісі.
Соңғы жаңалықтар