Виталий Довгун, Игорь Перикеев және Юрий Юрковтан тұратын ерлер командасы бірінші орын үшін өткен таласта Оңтүстік Корея спортшыларынан ұтылып қалды.
Сайыстың алты күні ішінде қазақстандық мергендер 6 жүлдеге ие болса, оның біреуі алтын, үшеуі күміс және екеуі қола медаль.
Зауреш Байбосынова, Галина Беляева, Юлия Дришлюктен тұратын ҚР әйелдер құрамасы 25 метрлік командалық сайыста алтын медалді жеңіп алды. Жеке сайыстарда Юрий Мельситов пен Ольга Довгун күміс алқа тағынған болатын.
50 метрлік командалық жарыстарда Юрий Мельситов, Игорь Перикеев және Александр Ермаков, 10 метрлік командалық жарыстарда Андрей Гуров, Рассим Молоғлы мен Бақтияр Ыбыраев Қазақстан құрамасына қола медальдар әкелген болатын.
18 қарашадағы есеп бойынша 16-шы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 21 медаль, соның ішінде екі алтын, жеті күміс және он екі қола медаль иеленді. Жүлделік есепте Қазақстан елі 10-шы орында тұр.