Қазақстандық мұғалімдер Сингапурда МЕРИТС мультимедийлік бағдарламасымен жұмыс істеуге машықтанып қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық мұғалімдер Сингапурда МЕРИТС мультимедийлік бағдарламасымен жұмыс істеуге машықтанып қайтты

Қазақстандық мұғалімдер Сингапурда МЕРИТС мультимедийлік бағдарламасымен жұмыс істеуге машықтанып қайтты

22-26-тамызда ҚР білім және ғылым министрлігінің білім беру саласын ақпараттандыру жөніндегі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының мамандары Сингапурда болып қайтты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 31 Тамыз 2005
  • 624
Фото - Caravan.kz

Сапар аясында тиісті дәріс тыңдаған қазақстандық мамандар мұғалімдерді МЕРИТС мультимедийлік бағдарламасымен жұмыс істеуге машықтандыру құқығына өкілеттілік беретін сертификат алды. Сонымен бірге олар Сингапурдың мемлекеттік білім беру институты, қыздарға арналған Наньян орта мектебі, «Темасек» политехникалық университеті, Техникалық білім беру институты мен Сингапурдың ұлттық кітапханасында болды.

Бұл сапарды республика мектептерін МЕРИТС көп тілді бағдарламасын жүзеге асыру үшін лингафондық және мультимедийлік жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан-Сингапур бірлескен жобасын жүзеге асыру аясында «Сингапур Текнолоджиз Трейнинг энд Симюлейшн Системз» компаниясы ұйымдастырды.

Перейти к новостям спорта