Қазақстандық мұнай-газ мамандары Норвегияда кәсіптік шыңдаудан өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық мұнай-газ мамандары Норвегияда кәсіптік шыңдаудан өтеді

Қазақстандық мұнай-газ мамандары Норвегияда кәсіптік шыңдаудан өтеді

Қазақстандық мұнай-газ мамандары Норвегияда кәсіптік шыңдаудан өтеді. Мұнай-газ саласына арнап мамандар дайындау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетов, "Н.Назарбаевтың білім қоры" директорының орынбасары Светлана Мырзабекова мен Норвегия білім беру орталығының басқарушы директоры Оле Имсланд қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2005
  • 591
Фото - Caravan.kz

Тараптар кәсіптік білім беру жүйесін дамыту және мамандардың кәсібін шыңдау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық орнатуға келісті. Мұнайгаз индустриясына арнап мамандар дайындау жөніндегі білім беру бағдарламаларын жасау Қазақстан мен Норвегия арасында 2004-жылғы мамыр айында қол қойылған мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық туралы келісімде қарастырылған.

С.Мырзабекованың айтуынша, Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жобасы 2004-жылғы тамыздан бастап қолға алынған.
Жобаны Норвегиялық мамандар мен білім беру қоры бірлесіп іске асыруда. «Жоба Норвегияның кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің үлгісінде Қазақстандағы ерекшеліктерді ескере отырып жасалған»,- деді ол. Жобаның басты міндеті — Қазақстанның мұнайгаз индустриясына арнап мамандар дайындау болып табылады. Жобаның бірінші кезеңінде Ақтаулық оқытушыларды Норвегияда оқыту көзделген.
Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі жағдаймен облыстағы колледждерде мұнайгаз пәндері бойынша дәріс оқитын оншақты оқытушы іріктеліп, тіл дайындығынан өтуде. Олар биылғы маусым айында Норвегияға 6 айлық оқуға аттанады. «Алдағы уақытта олар Ақтаулық студенттерді жаңа әдістеме мен Еуропалық стандарттарға сәйкес оқытатын болады»,- деді Б.Палымбетов.
Жоба аясында Ақтау энергетикалық колледжінің негізінде дәнекерлеушілер, монтаждаушылар сынды мұнайгаз саласының мамандарын әзірлейтін еліміздегі тұңғыш колледж ашылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекетаралық қарым-қатынастар аясында қарастырылған пилотты жоба Ақтауда биылғы жылдың ақпан айында жүзеге асырыла бастады.

Перейти к новостям спорта