Қазақстандық несиелеу қоры Орталық Азия аймағындағы банк түріне жатпайтын жетекші қаржылық ұйымға айналуды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық несиелеу қоры Орталық Азия аймағындағы банк түріне жатпайтын жетекші қаржылық ұйымға айналуды көздеп отыр

Қазақстандық несиелеу қоры Орталық Азия аймағындағы банк түріне жатпайтын жетекші қаржылық ұйымға айналуды көздеп отыр

Осыдан жеті жыл бұрын Қазақстанда шағын несиелер тарату үрдісін дамыту үшін АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі (USAID) агенттігінің бастамасымен құрылған "Қазақстандық несиелеу қоры" корпоративтік қоры бүгінде еліміздегі банк түріне жатпайтын жетекші қаржылық ұйымға айналды. Бұнымен шектелмей, Қазақстандық несиелеу қорының басшылығы алдағы уақытта қорды Орталық Азия аймағындағы шағын несие таратушы жетекші ұйымға айналдырмақ ниетте. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандық несиелеу қорының бас директоры Шалқар Жүсіпов хабарлады.

  • 30 Қараша 2004
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық ұйымдардың гранттық қаржысына құрылған қор қазір өзін-өзі ақтау принципі бойынша жұмыс істеуде. Қазір грант түрінде қолдау толық доғарылған, қор жеке қаржысы мен коммерциялық банктердің қаржысын пайдаланады»,- деді қор басшысы.

2004-жылдың 1-қарашасындағы жағдаймен қордың несиелік қоржыны 730 млн. теңгеге жетті (5,5 млн. доллар). Белсенді клиенттер саны 11 мың адамнан асты. 2005-жылы қор басшылығы несиелік қоржын көлемін 8 млн. долларға жеткізбекші. Жалпы жұмыс істей бастаған 7 жыл барысында Қазақстандық несиелеу қоры 6,2 млрд. теңгенің 97 мыңдай несиесін берді (47,1 млн.доллар).
Қор негізінен шағын кәсіпкерлерге, соның ішінде әйелдерге көмек көрсетуге бағытталған. «Біздің клиенттеріміз негізінен жеке шағын бизнесі бар немесе оны құруға ынталы, бірақ, кейбір себептерге байланысты дәстүрлі банк несиелеріне қол жеткізе алмайтын адамдар»,- деді Ш.Жүсіпов. Қор таратқан несиелердің арқасында жеті жылда Қазақстанда 6 мың жаңа жұмыс орны құрылды, олардың тең жартысынан астамы ауылдық жерлерде құрылған.

Перейти к новостям спорта