Қазақстандық өкілдер Эстонияның электрондық басқару академиясында оқып қайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық өкілдер Эстонияның электрондық басқару академиясында оқып қайтады

Қазақстандық өкілдер Эстонияның электрондық басқару академиясында оқып қайтады

Қазақстандық өкілдер Эстонияның электрондық басқару академиясында оқып қайтады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Желтоқсан 2003
  • 807
Фото - Caravan.kz

Өкілдер құрамына Өскеменнен 15 адам, атап айтсақ, қалалық әкімшілік өкілдері, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, бейресми ұйымдардың өкілдері мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы өкілі қамтылады. Өкілдерді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Омаров басқаруда.

Оқыту жұмыстарын Сорос-Қазақстан қоры мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен жергілікті өзін-өзі басқару үрдісін дамыту орталығының қоғамдық қоры ұйымдастырды.
1-желтоқсаннан бастап еліміз өкілдері бір апта ішінде «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік сектордағы ақпараттық коммуникациялық технологияларды басқару. Халықаралық және Эстондық тәжірибе » тақырыбындағы курстан өтеді. Сабақтар барысында Эстониядағы электрондық үкіметті қалыптастыру тәжірибесі мен тауқыметтері, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізудің құқықтық негіздері, мемлекеттік және қоғамдық сектордағы ақпараттық коммуникациялық технологияларды үйлестіру мәселелерін талқылау, Таллин қаласының тәжірибесіне сүйене отырып электрондық басқару тәжірибесімен танысу межеленген. Сондай-ақ, өкілдер Эстония парламентінің, үкімет кеңсесінің, жер басқармасының жұмыс барысымен танысып, түрлі мекемелер мен министрліктер өкілдерімен кездеседі.
Эстонияның электрондық басқару академиясының директоры Ивар Таллоның айтуынша, Қазақстандық өкілдер бұл академияда тұңғыш рет оқытудан өтеді, сапартоп негізінен Өскемен өкілдерінен құралған. Оның айтуынша, электрондық үкімет және электрондық демократия идеясы дәл осы қалада белсенді өрістеп, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының осы бағытта үкіметтік емес ұйымдармен нақты ынтымақтастық орнату үлгісі қалыптасып отыр. Мысал ретінде «Әйнек қала » жобасын атауға болады.
Эстонияда 1 млн. 400 мың адам тұрса, ел астанасы Таллинде 400 мыңнан астам адам тіркелген. Эстонияның электрондық басқару академиясы 2002-жылы құрылды. Басты мақсаты- электрондық үкімет және электрондық демократия идеясын кеңінен тарату, осы саладағы халықаралық және Эстондық тәжірибені Орталық Азия, Кавказ және Балқан түбегі елдерінде өрістету болмақ.

Соңғы жаңалықтар