Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазақстандық депутаттар үш жалпы комитеттің жұмысына, атап айтсақ, саяси және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі, экономика, ғылым, технологиялар мен қоршаған орта жөніндегі, сондай-ақ, демократия, адам құқықтары және қайырымдылқ мәселелері жөніндегі комитеттердің отырысына қатысады.
8-шілдеде сенат спикері Н.Әбіқаев Қазақстан мен Еуропалағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясы арасындағы ықпалдастық мәселесі бойынша баяндама жасайды. Сондай-ақ, қазақстандық өкілдер Еуропалағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының төрағасы Брюс Джорджмен және сессияға қатысушы бірқатар елдер өкілдерінің жетекшілерімен, Еуропалағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы институттары мен БАҚ өкілдерімен кездеседі деп күтілуде. Бұл кездесулерде Қазастандағы экономикалық және саяси даму басымдықтарымен, алдағы парламент сайлауына дайындық барысымен таныстыру, екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсаты көзделіп отыр.
Сессия соңында оның жаңа төрағасы сайланады. Бұл сайлауға еліміз өкілдері де атсалыспақшы.
Еуропалағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясына ұйымға мүше 55 мемлекеттің 300-ден астам парламентшілері енеді. Еуропалағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының хатшылығы Копенгаген қаласында орналасқан.