Қазақстандық олимпиадашылардың қоржынында қазір 92 жолдама бар - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық олимпиадашылардың қоржынында қазір 92 жолдама бар

Қазақстандық олимпиадашылардың қоржынында қазір 92 жолдама бар

Қазақстандық спортшылар Лондондағы ХХХ Жазғы олимпиада ойындарына қазіргі таңда 92 жолдама жеңіп алды.

  • 21 Мамыр 2012
  • 856
Фото - Caravan.kz

Оның ең соңғысын Қытайдың Циньхуандао қаласында өткен Әлем чемпионатының әйелдер боксынан Саида Хасенова жеңіп алған болатын.

«Динамолықтар алға қойған мақсатқа жетіп, жоспарды орындады деуге болады. Өйткені қазіргі уақытқа дейін 59 спортшымызда екі айдан кейін күллі әлем халқы назарын салатын Олимпиада ойындарына жолдама бар. Жалпы ауыр атлеттеріміз бен басқа да спорт түрлерінен өнер көрсететін спортшыларымыздан зор үміт күтеміз. Сонымен қатар биылғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларымыз пәрменділігі жағынан өткен ойындарға қатысушыларға қарағанда анағұрлым жоғары», — дейді «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы Спорт басқармасының бастығы Николай Князев.

2008 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен ХХІХ Жазғы олимпиада ойындарына спорттың 14 түрінен сынға 63 динамолық қатысқан еді. Олар 2 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль ұтып алды. Бұлардың ішінде ауыр атлетикадан ҚР ҰҚК БД аға лейтенанты Илья Ильин мен боксшы ҚР ІІМ ІӘ лейтенанты Бахыт Сәрсекбаев (бокс) Олимпиада чемпионы атанды. Ал ауыр атлетикадан Анна Важенина мен Ирина Некрасова, еркін күрестен Таймураз Тигиев, дзюдодан Асхат Жіткеев күміс жүлденің иесі болды. Сондай-ақ грек-рим күресіні шеберлері Нұрбақыт Теңізбаев пен Әсет Мамбетов, еркін күресші Марид Муталимов, таэквондошы Арман Шылманов және ауыр атлет Мария Грабовецкая Олимпиаданың қола жүлдесін еншілеген еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера