Жарияланды: 510

Қазақстандық Омбудсмен «дөңгелек үстел» отырысын өткізді

Бүгін Астанада қазақстандық Омбудсмен Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы мен Данияның Адам құқықтары жөніндегі институтымен бірлесіп іске асырып жатқан «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауы» жобасының шеңберінде «Ақпаратқа берілетін құқық - адам құқықтары мен бостандықтарының құрамдас бөлігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты. Форум барысында ақпаратқа қолжетімділік туралы қазақстандық заңнаманы жетілдірумен байланысты өзекті мәселелер, ақпаратқа қолжетімділіктің халықаралық стандарттары мен қағидалары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратқа азаматтар мен БАҚ қолжетімділігінің құқықтық тәжірибесі талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар ақпаратқа берілетін құқық адамның фундаментальді құқықтарының бірі болып табылатынын және мемлекет бұл құқықты тиісті заңнаманы қабылдау, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, әрі қарай бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту арқылы қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Осы іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.К. Асанов «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының соңғы редакциясын ұсынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін