Қазақстандық өнерпаздар Түркия астанасын ән мен жырға бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық өнерпаздар Түркия астанасын ән мен жырға бөледі

Қазақстандық өнерпаздар Түркия астанасын ән мен жырға бөледі

Кеше Сенат төрағасы Қайрат Мәмидің Түркия еліне ресми сапары аясында Анкарадағы ең танымал деген мәдениет ошақтарының бірінде ел Тәуелсіздігіне арналған концерт өтті.

  • 29 Қараша 2011
  • 545
Фото - Caravan.kz

Мерекелік шара барысында қазақстандық көркемөнерпаздар ұжымы Түркия халқын қазақтың халық әндері мен елге танымал күйшілердің шығармаларымен тәнті етті. Мысалы онда қазақстандық өнерпаздар Қазанғаптың күйі «Ақжелеңді», Үкілі Ыбырайдың «Гәккуін» нақышына келтіре орындап, көрермендердің ықыласына бөленсе, «Наз би» бишілер тобының бишілері Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі мен түрік халқының ұлттық билерін бабына келтіре орындады.

Өнерпаздар ұжымы классик музыканттар мен танымал композиторлардың шығармаларын да орындады. Ал Нұржамал Үсенбаева, Азамат Жылтыркөзов сынды ерекше дауыс иелері ән салғанда тебіренбеген жан қалмады. «Белес» этнофольклорлық тобының орындауындағы қойылым көрермендерге би мен әншілік өнерді жаңа қырынан танытқандай болды. Осылайша Түркия Астанасын ән мен жырға бөлеген шара мерекелік Анкара көгінде атылған отшашумен аяқталды.

Перейти к новостям спорта