«Бұл бұған дейінгі жарыстарға қарағанда өте жақсы нәтиже. Қазақстан 84 елдің ішінде енді кем дегенде алғашқы жиырмалыққа ілігеді деп сенемін. Бұл әзірге алдын ала айтылып отырған болжам. Одан да жоғары орындарға көтеріліміз мүмкін», - деді өз сөзінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева.
Айта кетелік, Бекжан Бекболатұлы, Мейрамбек Өмірзақ және Назарбек Алтыбай күміс медальге ие бола, Данияр Маминов қола медальға қол жеткізді. Командалық есеп әзірге нақтылану үстінде.
Қазақстандық оқушылар информатика пәнінен халықаралық олимпиадада 4 медальға қол жеткізді
