Қазақстандық оқушыларға мектепке оқулық алып келмеуге рұқсат беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық оқушыларға мектепке оқулық алып келмеуге рұқсат беріледі

Қазақстандық оқушыларға мектепке оқулық алып келмеуге рұқсат беріледі

Еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордада өтіп жатқан тамыз конференциясының барысында қазақстандық оқушылардың оқулықтарын мектепте қалдырып кете алатынын айтты.

  • 16 Тамыз 2019
  • 45
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, ата-аналар мен балалардың таңдауы бар. Оқушылар оқулықтарын мектепке алып бара алады немесе оларды мектепте қалдырып, кітаптардың электронды нұсқасын пайдалануына болады.

«Бастысы, білім және ғылым министрлігі таңдау еркін, оқулықтардың электронды нұсқасын пайдалану мүмкіндігін беріп отыр. Бұл ретте қандай оқулықтарды пайдаланатынын ата-аналар таңдайды», — дейді білім министрі. 

Өз сөзінде Аймағамбетов биылғы жылы министрліктің «Жеңіл портфель» тұжырымдамасын дайындайтынын айтты. 


Соңғы жаңалықтар