57 келі салмақтағы Расул финалда Монғолия палуаны Дамдирбазар Сонгбахтырмен кездесті. Екеуі де жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері. Шиеленіске толы белдесу қазақстандықтың пайдасына шешілді. Есеп — 10:4.
Еске сала кетсек, Азия чемпионаты Астанада бүгін, 23 сәуірде басталды. Бес күн бойы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 24 медаль жиынтығы сарапқа салынады.