деп хабарлады Ұлттық паралимпиада комитеті.
Кездесуге Астанадан мүгедектер спорты бойынша (жүзу) халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әнуар Ахметов, Сиязбек Далиев және Михаил Еременко келді.
Паралимпиадашы-жүзушілер болашаққа деген алдағы жоспарларымен бөлісті. Спортшылар мәлім еткендей, олар наурыз айында Данияда өтетін халықаралық жарыстарға қатысады. Ал тамызда Канадада — әлем чемпионаты, қазанда Малайзияда Азиада ойындары өтеді деп жоспарлануда.
Жүздесуді «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен Ұлттық паралимпиада комитеті ұйымдастырды.