Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алда болатын сессияда қауіпсіздік, демократияны, сауданы дамыту, көші-қон үдерістері мен қоршаған ортаны қорғауды реттеуді қоса алғанда көптеген мәселелер бойынша пікір алмасулар болады. Оңтүстік Осетиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты арнайы сессия ашылатын болады.
Сапар аясында Қ.Тоқаев Канада сенатының төрағасы Н.Кинселламен, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Бюро мүшелерімен, Ассамблеяға қатысушы елдердің ұлттық делегациялары басшыларымен кездесетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті