Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бір апта ішінде 239 есірткі қылмыстары анықталған, олардың 98-і есірткі сату дерегі бойынша. «Мысалы, 6-ақпанда Алматыда Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 1,2 кг героин сатпақ болған есірткі сатушыны құрықтаған»,- деді баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, 8-ақпанда Қостанай облысының полицейлері Затобольск ауылының тұрғынын ұстаған, оның үйінен 4,5 героин мен 2 килограмм апиын табылған. Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, Солтүстік ішкі істер органының есірткі бизнесімен күрес басқармасы мен көші-қон полициясының қызметкерлері осы күні тағы бір әйелді ұстаған. «Тінту барысында оның үйінен 139 грамм героин табылып, тәркіленді»,- деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті