Қазақстандық полицейлер Тұңғыш президент күнінде күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді
Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы Тұңғыш президент күнінде күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер министрлігі, комитеттер, Ішкі әскер мен Қылмыстық-атқару жүйесінің жеке құрамы 1-2-желтоқсан күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді», - деп сәрсенбі күні министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін