Қазақстандық қаламгер «Новеллазия» байқауының жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық қаламгер «Новеллазия» байқауының жеңімпазы атанды

Қазақстандық қаламгер «Новеллазия» байқауының жеңімпазы атанды

Орталық Азиядағы көркем әдебиет саласының таланттарын паш етуді мақсат еткен «Новеллазия» байқауы өз мәресіне жетті. 

  • 5 Мамыр 2014
  • 339
Фото - Caravan.kz


Доданың қазылар алқасының төрағасы Александр Улько мен барлық Орталық Азиядағы кеңесшілердің сараптауынан кейін 5 үздік шығарма анықталды, деп хабарлайды adebiportal.kz.

Олар: қазақстандық Қанат Омардың «Бегство в Молдавию» (орыс тілінде) шығармасы, өзбекстандық Сафар Каттабоевтың «Необычный вор» (орыс тілінде) туындысы, өзбекстандық Сид Янышевтың «Сборник рассказов» (орыс тілінде) жинағы, тәжікстандық Толибшохи Давлаттың «Журавли по весне» (тәжік тілінде) шығармасы мен өзбекстандық Мұхаммедшәріп Маматқұловтың «Воспоминания о СА» (өзбек тілінде) шығармасы.

Енді сайыс жеңімпаздарының шығармалары орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, екі тілді новеллалар блогы ретінде, ал содан кейін иллюстрациялы кітап ретінде жарық көреді. Сондай-ақ жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тағайындалды.

Қысқа тізімге кірген авторлардың шығармалары ана тілінде новеллалар жинағы болып жарық көреді. Ал 2014-2015 жыл аралығында барлық қатысушылардың шығармалары бір топтама болып баспадан шығады деп жоспарлануда.

Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы автордың тіл шұрайлығына, стильдік ерекшелігі мен қойылған мақсатқа жету жолындағы кәсіпқойлығына үлкен мән берді. Айта кетейік, бұл байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан елінің жасына, ұлтына қарамастан қолына қалам ұстаған кез келген азаматы (журналистер, блоггерлер, новеллашылар т.б.) қатыса алады.

«Ең алдымен 100 шығарма арасынан 5 үздік авторды таңдаудың қиындығы жайлы айтып өткім келеді. Тізімді 25 авторға, ал одан кейін 15, сосын 5-ке дейін қысқарту оңайға түспеді. Бірнеше қырынан талқылау үшін Орталық Азия кеңістігіндегі әдебиет саласында жүрген бірнеше кеңесшілер үздік шығарманы таңдауда атсалысты. Біздің басты мақсатымыз — шынайы әдеби дүниені анықтау. Біз шығарманың тіліне, сюжеттік желісіне, тақырыбына — бәріне көңіл бөлдік. Қай тілге аударылса да Орталық Азия жайлы тың ойлар мен пікір, көзқарасын білдіре алатын туындыларды таңдадық», — дейді А.Улько.

Перейти к новостям спорта