Қазақстандық қыздар Халықаралық гандбол федерациясының құрлықаралық ауыспалы трофей жүлдесінде 2-орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық қыздар Халықаралық гандбол федерациясының құрлықаралық ауыспалы трофей жүлдесінде 2-орын алды

Қазақстандық қыздар Халықаралық гандбол федерациясының құрлықаралық ауыспалы трофей жүлдесінде 2-орын алды

Алматыда 3-6 қараша күндері 21 жасқа дейінгі қыздар арасында Халықаралық гандбол федерациясының құрлықаралық ауыспалы трофей жүлдесі үшін жарыс өтті.

  • 7 Қараша 2011
  • 392
Фото - Caravan.kz


Ақтық сында Қазақстан мен Финляндия спортшылары кездесті. Онда 25:24 есебімен фин қыздарының мерейі үстем шықты. Бұған дейін Конго мен Куба құрамасын қапы қалдырған қазақстандықтар 3-турда да Финляндия құрамасына 26:34 есебімен есе жіберген еді. Үшінші орын үшін болған мачта Куба мен Конго қол добы шеберлері кездесіп, 32:27 есебімен конголықтар басым түсті. Олар 3-турда кубалықтарды 41:23 есебімен ойсырата ұтқан болатын.