Жарияланды: 740

Қазақстандық рэпперлер жастар арасында нашақорлыққа қарсы күресті бастады

Қазақстандық рэпперлер жастар арасында нашақорлыққа қарсы күресті бастады

Биыл Қазақстанның бүкіл аудандарында есірткіге қарсы күреске бағытталған рэп-фестивальдер өтеді.

"Биыл Қазақстанның бүкіл аумақтарында "Рэп - есірткіге қарсы" фестивалі өтеді. Алматыда бұл акция Астана алаңында 26-маусымда өтеді", деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығында баспасөз мәслихатында Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы директорының орынбасары Татьяна Слажнева. "Іріктеу туры жүргізілді. Анағұрлым қызықты және өзіндік қолтаңбасы бар қатысушылар сахнада Қазақстанның танымал рэперлерімен қатар өнер көрсетеді", деп атап Т.Слажнева. Оның ақпаратына қарағанда, фестиваль шеңберінде граффити-шоу, паркур-шоу және әр түрлі спорт жарыстары ұйымдастырылмақ. Фестиваль Алматы әкімшілігі, қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, жастар саясатының мемлекеттік қоры және "Жас Отан" ынтымақтастығы шеңберінде өтеді. Т.Слажневаның ақпаратына қарағанда, Қазақстан бойынша алғанда Алматыда нашақорлықтың ең жоғары деңгейі қалыптасқан, яғни 100 мың адамға 1391,5 нашақордан келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін