“Біз Ninety One тобы туралы фильм түсіреміз. Қазіргі таңда сценарий жазылып жатыр. Бұл топ туралы толығырақ білгісі келетін фанаттар мен адамдар келесі күзде киноны тамашалай алады. Бұл деректі фильм емес, бұл балалардың топқа қалай келгендігін баяндаған әңгімесі негізінде түсіріледі”, – деді Ұзабаев.
Еске сала кетсек, 23 ақпанда Ұзабаевтың “Келинка тоже человек” фильмінің тұсаукесері өткен болатын. Қазақстандық кинокомедияның түсірілім уақыты небәрі 21 күнді құрапты.
Ал Ninety One тобы 2015 жылдың 1 қыркүйегінде құрылған. Топ құрамында Азамат Зенкаев, Батырхан Мәліков, Азамат Ашмақын, Дулат Мұхаметқалиев және Данияр Кулумшин бар.