Қазақстандық сайтты Украинадағы соғыс туралы жазғаны үшін Ресей соты шақыртты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық сайтты Украинадағы соғыс туралы жазғаны үшін Ресей соты шақыртты

Қазақстандық сайтты Украинадағы соғыс туралы жазғаны үшін Ресей соты шақыртты

Ресей федерациясының аудандық соты қазақстандық Arbat.media ақпарат порталына қатысты іс қозғап жатыр.

  • 2 Ақпан 2023
  • 38
Фото - Caravan.kz

Владимир облысының Ленин аудандық соты Украинадағы соғыс туралы материалға байланысты редакцияны жауапқа тартуды Ресей армиясының 19 әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімі талап етіп отыр. Сот хабарламасы редакцияның поштасына келіп түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы  Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

"Қол жетімді ақпаратта Ресей Қарулы күштері құрамындағы адамдардың көптеген шығындары, Украина қалаларының тұрғын үй құрылыстарының ресейлік әскердің атқылауы және Донецк, Луганск халықтық республикалары мен Украина аумағында Ресей Федерациясының арнайы әскери операциясы кезінде бейбіт тұрғындардың өлімі туралы жалған ақпарат бар", — деп жазылған хатта.

Сонымен, бұл іс бойынша сот 2023 жылдың 17 ақпанында Ленин аудандық сотында өтеді. Әкімшілік талапкер ретінде 19 әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімі болса, сонымен бірге мүдделі тұлға Владимир облысы бойынша Роскомнадзор басқармасы көрсетілген. Сондай-ақ, құжатқа ресейлік әскери прокурорының орынбасары, әділет капитаны В. А. Баженов қол қойған.