Қазақстандық сарапшылар Польшадағы әлеуметтік реформалар мен аумақтық даму тәжірибесін зерттеп қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық сарапшылар Польшадағы әлеуметтік реформалар мен аумақтық даму тәжірибесін зерттеп қайтты

Қазақстандық сарапшылар Польшадағы әлеуметтік реформалар мен аумақтық даму тәжірибесін зерттеп қайтты

Қазақстандық сарапшылар Польшадағы әлеуметтік реформалар мен аумақтық даму тәжірибесін зерттеп қайтты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2005
  • 886
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық өкілдер экономика және еңбек, халыққа білім беру, әлеуметтік саясат министрліктері, аймақтық даму және өнеркәсіпті дамыту агенттіктері мен әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығында болып қайтты.

Кездесулер барысында аумақтық даму жөніндегі сарапшылар Польшадағы аумақтық саясаттың басым бағыттарымен және аумақтарды мемлекет тарапынан қолдау тетіктерімен танысты. Сонымен бірге аймақтардың экономикалық дамуындағы айырмашылықтар мен халық сирек тұратын аумақтардың ахуалы туралы мәселелер, аймақтық жоспарлау бойынша Польшадағы кластерлік тәжірибе мен аумақтарды техникалық және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету тәжірибесі зерттелді. Орталық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, салық саясаты мен салық салу саласы бойынша Польшадағы жергілікті мекемелердің құқығы туралы мәселелер айрықша қызығушылық тудырды.
Әлеуметтік мәселелер бойынша сарапшылар еңбек рыногын дамыту, мемлекет тарапынан кепілдік берілетін базалық әлеуметтік төлемдер, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі, зейнетақы жинақтау жүйесі, жоғары оқу орнының студенттері мен кәсіби орта білім беру ұйымдарының оқушыларын әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі бойынша Польша тәжірибесімен танысты.
ҚР СІМ-нің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, Польшаның Ұлттық денсаулық сақтау қорына жасаған сапар айрықша қызығушылық тудырды. Ондағылар денсаулықты сақтандыру жүйесін жаңалау тәжірибесімен бөлісті. Сонымен бірге еліміз өкілдері Қазақстандағы зейнетақы төлеу орталығының баламасы болып табылатын Польшаның әлеуметтік сақтандыру мекемесінде, сондай-ақ, фермерлерді әлеуметтік сақтандыру мекемесінде болды. Онда Польша еліндегі мемлекеттік әлеуметтік реттеу және халықты қолдау бағдарламаларын зерттеуге баса наазар аударылды.
Сапар Қазақстан мен Әлемдік банк арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Өкілдер құрамына Қазақстан президенті әкімшілігінің, үкімет басшысы кеңсесінің және министрліктердің өкілдері енді.

Перейти к новостям спорта