Жарияланды: 540

Қазақстандық сценарий Кореядағы халықаралық конкурстың лауреаты атанды

Сеул қаласында аяқталған халықаралық сценарийлер конкурсында Қазақстан тарапынан қатысқан «Жезтырнақ пері мен Мамай» атты сценарий лауреат аталып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан тағайындалған жүлдеге ие болды,

деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен. Сценарийдің авторы Шымкент қаласының тұрғыны Ирина Горляковаға министрлік тарапынан әзірленген арнайы дипломды Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының бастығы Күлия Айдарбекова табыс етті. Бұл халықаралық конкурсты өткізудегі мақсат - ғасырлар бойы ел арасында сақталып келген мәдени мұраны насихаттау және заманауи тұрғыда насихаттап, халықаралық мәдени кеңістікте жылжыту болып табылады. Осыған орай конкурсқа Азия халықтарының аңыздары, ертегілері мен жырларының негізінде жазылған сценарийлер, пьесалар қатыстырылды.. Былтырғы халықаралық конкурста қазақстандық драматургтер Таласбек Әсемқұловтың (сценарийі «Жезтырнақ»), Лаврентий Сонның («Симчëндëн-2005» пьесасы) шығармалары 2011 жылдың лауреаты атанған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін