Жарияланды: 400

Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында болған магнитудасы 5,6 жер сілкінісін тіркеді

Ұлттық ядролық орталықтың геофизикалық зерттеулер институтының сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығы сәрсенбіде Қытай аумағында болған тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Орталықтың сайтындағы ақпаратқа қарағанда, магнитудасы 5,6, энергетикалық класы 12,7 жер сілкінісі астаналық 07:53 сағатта Үрімші қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін