Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Қайнар» шекаралық заставасының аумағында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығынан 500 метр қашықтықта көршілес елдің номері бар «КамАЗ» автокөлігі табылды. Жүк автокөлігінде шекара бұзған Қазақстан және Қырғызстан азаматтары отырған. Көлікке тінту жүргізу нәтижесінде 15 тонна контрабандалық бидай табылды.
Бұл дерекке қатысты іс пен жүк «Камышановка» кедендік бекетіне тапсырылды.
Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында шекарашылар УАЗ автокөлігімен Қазақстаннан Өзбекстанға декларацияда көрсетілмеген күнделікті тұтыным тауарларын шығармақ болған шекара бұзушыны ұстады. Бұл іс бойынша қозғалған іс Сарыағаш қалалық прокуратурасына тапсырылды.
28-наурыз бен 3-сәуір аралығында шекарашылар жалпы алғанда мемлекеттік шекара бұзған 242 адамды ұстады. Контрабандалық 12 әрекетке тосқауыл қойылды.