Қазақстандық шекарашылар 3 килограмм героин алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар 3 килограмм героин алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар 3 килограмм героин алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар 3 килограмм героин алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Тамыз 2008
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Ауыл ж.д.»шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар жасағы Алматы — Новосибирск бағытындағы пойызда Өзбекстан азаматын ұстады. Оның жеке заттарын Прага атты иісшіл итті пайдалана отырып тексеру барысында қос түбі бар чемоданнан ерекше иісі бар, ақ түсті, героин болуы мүмкін зат табылды. Оның жалпы салмағы 3 килограммға жуық болған.

Ұсталған мен жүк Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық ҰҚКД қызметкерлеріне табысталды.

Сол күні «Мерке» шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар жасағы Бішкек — Новокузнецк пойызынан Қырғызстан азаматының жеке заттарын тексеру барысында оның спорттық сөмкесінен 760 грамм гашиш салынған дорба тапты. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар